ЖЖТ (Жиілігі жоғары тоқпен – ширату және термоөңдеу)

Басып шығару

«Технолит» Қазақстан ӨК ЖШҚ ЖЖТ ширату қызметі.

Үйкелiсіп, бұралып, майысып жұмыс істейтін металл бөлшектер жоғарғы қаттылыққа ие болуы керек, бірақ бұл қасиет олардың бетінде ғана болуы тиіс, ал ортасында металдың артығымен қаттылығы керексіз. металда осындай қасиеттерге қол жеткізу үшін бетіндегі бөлшектер ширатуға ұшырайды, сонымен бірге тек сыртқы қабаты нақты бір температураға дейін қатаяды, содан кейін бөлшек тез арада суыйды, және бөлшектің ішіндегі метал оның құрамында бастапқыда болған қасиеттерді сақтап қалады.

ЖЖТ ширату (жиілігі жоғары тоқпен) – Технолит, Қазақстан ЖЖТ ширату (жиілігі жоғары тоқпен) – Технолит, Қазақстан

Бөлшектің беткі қабатын жоғарғы жиілік тоғымен (ЖЖТ) тиімді қыздыруға болады. Мұндай процедура металға үйкеліске, қажалуға жоғарғы механикалық беріктікті береді, сондықтанда бет жағын ЖЖТ көмегімен ширату ең қолайлы және тероөңдеу көмегімен металға түрлі беріктік деңгейін беретін қазіргі көптеп шығару талаптарына сәйкес келетін әдіс болып табылады.

ЖЖТ ширату келесі тәсілмен орындалады: ширатуды қажет ететін бөлшек қажетті бөлшек формасы бойынша бүгілген мыс түтікше ішіндегі электромагнитті өріске орналасады, сонымен қоса жоғарғы жиіліктегі айнымалы тоқтар индукцияланады, олар (тоқтар) ішкі жағынан пайда болған айнымалы магнитті тоқпен бөлшектің бетіне жылжиды. Қыздырылып отырған бөлшектің бетіндегі индукцияланған тоқтар өте жоғарғы тығыздыққа ие болғандықтан,беткі қабат тез қызады.

Индукциялық ширату – ЖЖТ (жиілігі жоғары тоқпен) екі параметрлермен сипатталады: бөлшектің шыныққан қабатының тереңдігімен және қаттылығымен. Шынықтырылып жатқан бөлшектің жұқа қабатын алу үшін 40 кВА дан 160 кВА дейін қуаттылықтағы және 20 - 40 кГц немесе 40 - 70 кГц жиіліктегі индукциялық (ЖЖТ орнатулар) қолданылады. Егер бұдан терең қабаттарды ширату жүзеге асырылып жатса, онда 6 - 20 кГц жиілік диапазоны қолданылады.

Жиілігі жоғары тоқпен миталды ширату үшін қолданылады – Технолит, Қазақстан

Ширатудың басқада тәсілдері бар, бірақ жиілігі жоғары тоқ бар беткі ширатуда артықшылықтар қатары бар:

  • жоғары қаттылық,
  • жоғарғы өнімділік,
  • бөлшектің шыныққан қабатының тереңдігінің кез келген деңгейі,
  • отқабыршықтың болмауы,
  • кез келген формалардың бөлшектерін ширату мүмкіндігі,
  • ширатуды толығымен автоматтандыруды енгізу мүмкіндігі.

Сондықтанда ЖЖТ ширату өзін өте жақсы көрсеткен. Бұл, жоғарғы беріктікті және өңделген бұйымдардығ сапасын қамтамасыз ететін, металдың бетін термоөңдеудің үнемді және жоғарғы өнімді тәсілі.



Жоғарыға қарай